Алматыда №141 жолаушылар автобусы тұрғын үйге соғылды, деп хабарлайды Stan.kz.
Полицияның мәліметінше, жүргізушінің өзі мен алты жолаушы зардап шеккен жол апаты 10 қазан күні сағат 18:00 шамасында болған.
"Жеке тасымалдаушы "Олжас ЛТД" ЖШС қызмет көрсететін №141 бағыттағы "Yutong" автобусын басқарған жүргізуші Кудерина көшесімен оңтүстік бағытта келе жатып, рульге ие бола алмай, жол жиегіне шығып кетіп, тұрғын үйге соғылған. Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен автобустың алты жолаушысы зардап шекті. Осы факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабының 2-бөлігі "Жол қозғалысы ережелерін бұзу немесе абайсызда адам денсаулығына ауыр зиян келтірген көлік құралдарын пайдалану" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - деп хабарлады Алматы қаласы ІІД Анықтау басқармасының басшысы Олжас Шәріпов.