Қырғызстан Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Жарқынбек Қасымбеков ел тұрғындарын косметологиялық орталықтар мен емханаларға барудан бас тартуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz.
Жеңісбек Қасымбековтың айтуынша, Бішкектегі 18 косметологиялық орталықтың екеуі ғана азды-көпті талапқа сай келеді.
"Тоғыз орталық негізінен лицензиясыз жұмыс істейді. Қызметкерлерінің медициналық білімі жоқ. Жеті косметологиялық орталықтың лицензиясы бар. Бірақ сертификаттары мен рұқсаттары жоқ. Сұлулықтың құрбандықты қажет ететінін түсінемін. Бет-әлпетті немесе бақа да жерлерді түзеткісі келетіндер бар шығар. Бірақ осы салада тәртіп орнағанша косметикалық процедуралардан бас тартуларыңызды сұраймын. Онсыз да өмір сүруге болады", - деді Қасымбеков.
Министрдің орынбасары жазда ел тұрғындарының жекеменшік емханаларға қатысты арыз-шағымдарының көп болуына байланысты министрлер кабинеті ведомствоаралық топ құрғанын еске салды.
"Топ екі бағытта жұмыс істеді. Соның бірі лицензиялау туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу. Қазір оларды үкімет бекітіп жатыр. Бұл өзгерістер бақылауды күшейтуге, талаптарды күшейтуге бағытталған. Өйткені біз олардың денсаулығы мен өмірі туралы айтып отырмыз. Сонымен қатар, жеке клиникаларға, кабинеттерге, негізінен шағымдар көп түскендер: стоматология, гинекология және косметологияға тексеру жүргізілді.Осы салалардың барлығында заң бұзушылықтар анықталды", - деп түйіндеді сөзін Жарқынбек Қасымбеков.