$ 495.2  522.34  4.94

Алдағы үш күнге болжам: Жаңбыр жауып, ауа температурасы төмендейді

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның шығыс жартысында еуропалық антициклон әсерінен жылы ауа райы сақталады.

Қазгидромет 13-15 қазанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның шығыс жартысында еуропалық антициклон әсерінен жылы ауа райы сақталады. Ал елдің батысы мен солтүстік-батысында Қара теңіз аймақтарынан келетін циклон әсерінен ауа райы бұлтты, жаңбырлы болады.

«Республиканың солтүстігінде, орталығында және шығысында күндіз ауа температурасы 15-20 градус, оңтүстікте 20-25 градус, ал батыста, солтүстікте 20-25 градус жылы болады. Елдің солтүстігі мен батысында ауа температурасы 6-15 градус Цельсийге дейін төмендейді» делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#ауа райы