$ 494.87  520.65  4.91

Қызылордада жалған ақша өткізумен айналысқан қылмыстық топ мүшелері сотталды

Валюта Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жасырылған күйде жөнелтіліп отырған.

Қызылорда облысында жалған ақшаны ел аумағына кіргізу және өткізумен айналысқан трансұлттық ұйымдасқан топтың мүшелеріне қатысты соттың айыптау үкімі шықты, - деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, Қызылорда қаласында жалған ақшаның заңсыз айналымына қатысы бар трансұлттық қылмыстық топқа қатысты сот процесі өткен.

ҰҚК және прокуратура органдары бірлесіп жүргізген арнайы операция барысында Қызылорда, Алматы және Өскемен қалаларында Қазақстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарынан тұратын қылмыстық топ мүшелері құрықталған.

"Тергеу барысында олардың аса үлкен көлемде жоғары сапасымен ерекшеленетін жалған АҚШ долларын және евроны Қазақстан аумағына әкелуге және өткізуге қатысы барлығы дәлелденді.

Валюта Түркиядан Қазақстанға пошта арқылы жасырылған күйде жөнелтіліп отырған.

Қызылорда облысының Мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотының шешімімен топ басшылары мен мүшелері трансұлттық ұйымдасқан қылмыстық топты құрғандары және оған қатысқандары, сонымен қатар жалған ақшаны өткізгендері үшін кінәлі деп танылды", - делінген хабарламада.

Кінәлі азаматтар 9 жылдан 17 жылға дейін бас бостандығынан айырылған.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары