"Тазалық Групп LTD" қызметкерлері 2022 жылдың сәуір айынан бастап жалақы алмаған, деп хабарлайды Stan.kz.
"Тазалық Групп" ЖШС Ақтөбе көшелерін абаттандырумен және қоқыс тазартумен айналысады. Сәуір айынан бастап бұл компанияның жұмысшылары жалақы алмаған.
Амалы таусылған қызметкерлер жалдамалы пәтерде тұратындарын, қарыздары бар екенін айтып, зар қақты.
Маусымға дейін олар ақшасыз жұмысын жалғастырды, ал маусымнан бастап мүлдем жұмыссыз қалған. Алайда жұмыс беруші заң бойынша қайтадан жұмыс пайда болғанға дейін жалақының 50%-ын төлеуге уәде берді.
"Мен бұл ұйымда 2019 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бізбен еңбек шартын жасасқан жоқ, еңбек қызметі туралы ешқандай қағазға қол қойған жоқпын. 2021 жылы зейнетақы аударымдары тоқтатылды, ал медициналық сақтандыру үшін 2019 жылы 5 рет және 2020 жылы екі рет аударылды", - деді компания қызметкері.
ЖШС қызметкерлерінің бірі директор 4 айдан бері жалақы екі күн ішінде келеді деп бос уәде беріп келгенін айтады.
“Бір жыл бұрын мұндай жағдай болды, сол кезде екі ай жұмыссыз отырдық. Бірақ содан кейін барлық ақшаны төленді. Келесі күні біз органдарға хабарласып, өтініш жаздық, өйткені шыдамымыз таусылды", - дейді ол.
Компания басшысы Артем Найденов жұмысшылардың жалақысы екі күн ішінде есептеліп, жіберетінін айтты. Ол басқа сұрақтарға жауап бермеді.
"Қазір біз жұмысшыларға қанша қарыз екенін белгілеп жатырмыз. Осы компаниядан шағыммен бес адам жүгінді. Ертең компания директорымен кездесеміз, ол ақпарат беруі тиіс", - деді еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Талғат Искарин.