$ 494.87  520.65  4.91

Бақытгүл Хаменоваға қатысты сот отырысы 21 қазанда жалғасады

«Мұсылмандық танытқаныңызға, Антикордан емес, Алладан қорыққаныңызға, 10 ай бойы тар қапаста қамалып отырсам да бүгін шындықты айтқаныңызға рахмет айтамын», - деді Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты соты отырысы 21 қазанда жалғасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұдан бұрын соттың кезекті отырысында облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиев тергеу кезіндегі бастапқы сөзінен бас тартқанын жазған едік.

Басқарма басшысы Ақылбек Рысқалиевтың мәлімдемесінен кейін Бақытгүл Хаменова оған алғыс айтты.

«Мұсылмандық танытқаныңызға, Антикордан емес, Алладан қорыққаныңызға, 10 ай бойы тар қапаста қамалып отырсам да бүгін шындықты айтқаныңызға рахмет айтамын», -деді Бақытгүл Хаменова.

Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымында болған Бақытгүл былтырғы желтоқсаннан бері тергеу изоляторында отыр.

Облыстық соттың баспасөз қызметінен мәліметінше, биылғы 26 мамырда Атырау қаласының №2 сотына ҚР Қылмыстық кодексі 366-бабының 3-бөлігі 2-тармағымен Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменоваға, Атырау облысы Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының басшысы Ақылбек Рысқалиевке, ҚР Қылмыстық кодесі 367-бабының 2-бөлігімен «Б» ЖШС директорына қатысты қылмыстық іс түсті.

Бақытгүл Хаменованың ісін қарау 11 тамызда басталды. Қазір оның ісі Атыраудағы №2 қалалық сотта қаралып жатыр. Айыптау актісі 55 беттен тұрады.

Бақытгүл Хаменова сотта өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ. Ол биылғы 3 тамызда облыс әкімінің орынбасары лауазымынан босатылған.

Сот отырысы 6 қыркүйекте қайта жалғасып, кейінгі сот отырысында Бақытгүл Хаменова жіберген қателігі туралы айтты.

Енді Бақытгүл Хаменованың ісіне қатысты сот отырысы 21 қазанда жалғасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары