$ 494.87  520.65  4.91

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті

Оқиға 14 қазанда болған.

Алматыда сотталушы тергеу изоляторынан қашып кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қылмыстық атқару жүйесі комитеті таратқан мәліметке қарағанда, оқиға 14 қазанда болған. Қалалық ІІД және Полиция басқармасының қызметкерлері қашқынды ұстау бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды.

«Аталған факт бойынша Алматы қалалық полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 426-бабы «Қызмет орындарынан, қамауға алудан немесе күзетпен ұстаудан қашу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Тергеу және басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды», - деп хабарлады ҚАЖК баспасөз қызметінен.

Сонымен қатар, Алматы қаласы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті ішкі аудит жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары