Жаңалықтар 14.10.2022 сағат 23:20

Азия чемпионаты: Ел қоржынына тағы бір медаль түсті

Бахрейнде өтіп жатқан ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Айша Омарова ел қоржынына қола медаль салды.
Азия чемпионаты: Ел қоржынына тағы бір медаль түсті
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Бахрейндегі ауыр атлетикадан Азия чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Айша Омарова қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Olympic.kz мәліметінше, ол 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үшінші орын алды.
Қоссайыс қорытындысында Омарова 217 (93+124) келі салмақты еңсерді.

Алтын медаль Ираннан спортшысы Сейедехалхам Хоссейниге бұйырды. Оның нәтижесі - 227 (102+125) кг. Жапон атлеті Мотока Накажимо күміс медал еншіледі. Оның нәтижесі – 223 (100+123) кг.

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар