$ 444.22  476.38  4.82

Бірнеше облысқа есірткі тасумен айналысқан елордалық ұсталды

Қазіргі уақытта есірткі сатып алу арнасын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Еліміздің бірнеше өңіріне есірткі тасымалдаумен айналысқан 30 жастағы елордалық азамат ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Ақмола облысы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы қызметкерлерінің жедел ақпараты бойынша, 30 жастағы елорда тұрғыны аса ірі мөлшерде Астана, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарына «мефедрон» және «тұз» синтетикалық есірткілерін жеткізумен және өткізумен айналысқан.

«Ақмолалық есірткімен күрес полицейлері арнайы бөлімшелер қызметкерлерінің көмегімен арнайы операция нәтижесінде Көкшетау қаласына кіреберіс жолда, «Құлагер» мотелінің жанында Астана қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы автокөлікті тоқтатты. Көлікті тінту барысында капоттың астынан: сарғылт түсті, ұнтақ консистенциялы, ерекше иісі бар, мөлдір скочпен оралған бір үлкен полиэтилен байламы (шамамен 200 гр. «мефедрон»), сондай-ақ, қызыл және сарғылт түсті ұнтақ затты, (салмағы шамамен 150 грамм) қара түсті изолентамен оралған 256 кішкентай бумалар табылды», - деп көрсетті Ақмола облыстық ПД.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары