$ 540  630.72  6.72

Жексенбіге арналған ауа райы болжамы

Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады.

Атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне орай Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на слтеме жасап.

Елдің оңтүстік-шығысында ғана антициклон жотасының әсерінен күн жауын-шашынсыз болады. Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында жел күшейеді, батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде тұман түседі.

Астанада көшпелі бұлт шығып, күндіз кей уақытта жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 7-12 м/с-ке жетеді. Ауа температурасы түнде 4-6, күндіз 13-15 градус жылы болады.

Алматыда көшпелі бұлт шы,ып, күн жауын-шашынсыз болады. Желдің жылдамдығы секундына 2-7 м/с-ке жетеді. Ауаның температурасы түнде 10-12, күндіз 23-25 градус жылы болады.

Шымкентте көшпелі бұлт шығып, күн жауын-шашынсыз болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 8-13 м/с. Ауа температурасы түнде 8-10, күндіз 25-27 градус жылы болады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары