Қазақстанның алғашқы ракеткасы Елена Рыбакина Мексика қаласы Гвадалахарадағы WTA 1000 ірі турнирінің екінші айналымына өтті, деп хабарлайды Stan.kz.
Турнирдің жүлде қоры 2,5 миллион доллардан асады.
Қазақстанның алғашқы ракеткасы 23 жастағы Елена Рыбакина (әлемнің 24-ші ракеткасы) 30 жастағы чех Каролина Плишкованы (әлемнің 20-шы ракеткасы) 7:6 (7:5), 6:2 есебімен жеңді. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясы мәлімдеді.
Каролина Плишкова 2017 жылдың бірінші ракеткасы болды.
Ойынның 1 сағат 17 минутқа созылды. Жарыстың екінші айналымында Елена Рыбакинаның қарсыласы АҚШ-тың 28 жастағы өкілі Джессика Пегула (әлемнің 5-ші ракеткасы) болады.