$ 444.14  477.05  4.85

Бас прокуратура Кәрім Мәсімов ісіне түсінік берді

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелген.

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиевтің айтуынша, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке қатысты іс әлі де күдіктілерге таныстыру сатысынан өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазір күдіктілерді іс материалдарымен таныстыру жүргізіліп жатыр. Осы орайда танысу біраз уақыт алуы мүмкін», - деді Әсет Шындалиев Парламент Мәжілісіндегі баспасөз мәслихатында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, ҰҚК бұрынғы басшылығы К.Қ. Мәсімовке, А.Т. Садықұловқа, Д.Е. Ерғожинге, М.С. Өсіповке және лауазымды адамдар Д.М. Акиповке, Н.К. Бекмұратқа, А.А. қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтады.

ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің қылмыстық ісі «өте құпия» белгісімен тергелген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары