Премьер-министр Әлихан Смайылов балалары қайда оқитыны туралы сұраққа жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Парламент Мәжілісінің жалпы отырысы кулуарында журналистер үкімет басшысынан елдегі білім саласына сене ме деген сұрақ қойды. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, премьер-министрдің үш баласы бар.
"Әрине, білім саласына да, денсаулық сақтау саласына да сенемін. Жеке өзім және жұбайым осында, Қазақстанда емделеміз. Мен өзім Алматыдағы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқығанмын, ал балаларым Астанадағы мемлекеттік мектепте оқиды", - деп жауап берді Әлихан Смайылов.