$ 444.14  477.05  4.85

Президент сайлауы: Салтанат Тұрсынбекова кандидат ретінде ресми тіркелді

Оның ішінде 119316 қол тексерілді, 118 434 сенімді деп танылды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткер Салтанат Тұрсынбековаға кандидат куәлігін тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Орталық сайлау комиссиясы 2020 жылғы 20 қарашаға тағайындалған кезектен тыс президент сайлауына Салтанат Пархатқызы Тұрсынбекованы кандидат ретінде тіркейді», - деді Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров.

ОСК мәліметі бойынша, аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары ҚР Президентті сайлауына кандидатты қолдауға сенім білдірілген адамдар еліміздің 18 өңірінде 119316 азаматтың қолдарын жинағанын тіркеген. Оның ішінде 119316 қол тексерілді, 118 434 сенімді деп танылды.

Еске салсақ, ОСК Салтанат Тұрсынбекованың кандидатурасын мақұлдаған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары