21.10.2022, 20:28

Президент сайлауы: үгіт-насихат жұмыстары басталды

Президент сайлауына 6 үміткер тіркелді.

Қазақстанда Президент сайлауына кандидаттарды тіркеу аяқталып, кезектен тыс президенттік сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Президент сайлауына 6 үміткер тіркелді:

Қасым-Жомарт Тоқаев Салтанат Тұрсынбекова Мейрам Қажыкен Жигули Дайрабаев Нұрлан Әуесбаев Қарақат Әбден

ОСК алты азаматты тіркеуден бас тартты:

Нұржан Әлтаев  Жұматай Әлиев Фатима Бизақова  Хайрулла Ғабжалилов Талғат Ерғалиев Бақыт Жаңабаев

Айта кетейік, сайлау 21 қарашаға жоспарланған. Жаңа заңға сәйкес, енді Қазақстан президенті 7 жылдық мерзімге бір рет қана сайланады.