22.10.2022, 10:00

Абай атындағы мемлекеттік сыйлықтың иегерлері анықталды

Фото: ашық дереккөз
Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор - "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.

Абай атындағы мемлекеттік сыйлытың иегерлері белгілі болды. 

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Абай атындағы әдебиет пен өнер саласындағы 2022 жылғы мемлекеттік сыйлығы:

1. Жайлыбай Ғалымға, ақын - "Ай таңбалы арғымақ" өлеңдер мен поэмалар жинағы үшін; 2. Жақыпбай Нұрқанатқа, режиссер - "Жібек" мюзиклі үшін; 3. Мыржықбай Кенжеғали Тұрсынбекұлына, әнші - "Жүрегім, нені сезесің?" концерті үшін; 4. Сәукетаев Тұрыспекке, жазушы - "Желқайық" романы үшін; 5. Сегізбай Кәдірбекке, жазушы - "Тағдыр толқыны" романы үшін; 6. Смағұлов Сембіғали Абзалбекұлына, мүсінші - "Үш арыс" мүсіндік композициясы үшін; 7. Тұрысбек Секен Кәрімұлына, композитор - "Тәтті мұң" ән-күй партитуралары, клавирлер, өлеңдер жинағы үшін берілді.