Абай облысында Семей қаласына қарасты Озерки ауылдық округінде дала өрті тұтанды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаменті.
22 қазан күні сағат 20:00-де «Семей орманы» кезекші диспетчері «101» пультіне хабарласқан. Айтуынша, Озерки ауылдық округінде құрғақ шөп, бұталар жанып жатыр.
Оқиға орнына келген азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері ақпаратты растады. Ертіс орманшылығының ашық аумағында 30 гектар құрғақ шөп жанып жатты.
Каштак орманшылығынан 23 адам, оның ішінде 5 бала Каштак ауылына эвакуацияланды.
Өрт 23 қазан таңғы сағат 05:20-да оқшауланды.
Абай облысы ТЖД-дан орман өртін сөндіруге 32 қызметкер мен 8 техника, «Семей орманы» резерватынан 40 адам және 15 техника, Семей қаласы мен Озерки ауылдық округінен 13 адам және 5 техника, сондай-ақ, бір полицей мен автокөлік жұмылдырылды.
Қазіргі уақытта өрттің ауданы 35 гектарды құрады, оның ішінде шамамен 5 гектары - орман.
Дала өртін сөндіру үшін Каштак, Талица, Ертіс орманшылығынан 17 қызметкер, 4 техника жұмыс істеп жатыр.
Тілсіз жаумен күрес жалғасып жатыр.