24.10.2022, 14:04

Ақтөбеде қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды

Фото: ашық дереккөз
Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Ақтөбе облысында тас жолдың бойындағы қоқыс полигонынан нәрестенің денесі табылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазан күні Қарғалы ауданы полициясына Бадамша ауылы маңындағы "Рождество - Дөң" тас жолының бойында орналасқан қоқыс полигонынан шақалақтың денесі табылғаны туралы хабар түсті. Нәрестенің денесі қара полиэтилен пакеттің ішінде болған.

Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жіберілді.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Анасының жаңа туған нәрестені өлтіруі" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Баланың анасын анықтау бойынша жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр.