Жамбыл облысында шекарашылар мемлекеттік шекараны бұзған азаматтарды қолға түсірді, деп хабарлайды Stan.kz.
“22 қазанда "Жасөркен" шекара бөлімшесінің учаскесінде бірлескен жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері мен ҰҚК Жамбыл облысы бойынша департаментінің қызметкерлері Қырғыз Республикасынан Қазақстан Республикасына Мемлекеттік шекараны бұзған төрт шетелдік азаматты ұстады", - делінген дүйсенбі күні тараған ақпаратта.
Осы факт бойынша құзыретті органдар жедел-тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.