25.10.2022, 23:20

Министр: АИ-92 маркалы бензин арзандамайды

Жанармайдың литрі 182 теңгеден басталып, 187 теңгеге дейін барады.

Майнинг мәселесінен кейін Болат Ақшолақов осылай деді. Министрдің айтуынша, АИ-92 бензинінің бағасы тұрақты, деп хабарлады «Хабар 24».

Қазір жанармайдың литрі 182 теңгеден басталып,  187 теңгеге дейін барады. «Басты мәселе қазір осы бағаны ұстап қалу», – дейді Ақшолақов. Брифингте ведомство басшысы жаңа тарифтік саясатты да түсіндірді.