Бүгін, 26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі. Бұл туралы ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап хабарлайды.
Бүгін күндіз Алматы облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) жаууы мүмкін. Облыстың оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман түседі. Күндіз облыстың шығысында және таулы аудандарында 15-20 м/с жел соғады.
Қызылорда облысында жел оңтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың орталығында күші 15-20 м/с, күндіз 15-20, облыстың орталығында 23 м/с күтіледі.
26 қазанда күндіз Ұлытау облысының басым бөлігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.
Түнде және таңертең Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, күндіз тау асуларында 25 м/с дейін барады.
«26 қазанда Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20 м/с болады.
Осы күні Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күші түнде облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с болады», - деп жазды Қазгидрометтен.
Бүгін күндіз Павлодар облысының батысында, оңтүстігінде жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі.
26 қазанда түнде және таңертең Ақмола облысының солтүстігінде де тұман күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында 15-20, кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі.
Осы күні Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігіне жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында екпіні 15-20 м/с дейін барады.
«26 қазанда Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Түнде және таңертен таулы аудандарда тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 26-27 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 26 қазанда облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында екпіні 23-28 м/с күтіледі», - делінген синоптиктердің хабарламасында.