27.10.2022, 07:20

Бейсенбіге арналған ауа-райы болжамы

27 қазанда Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

27 қазанда Қарағанды облысының солтүстік жартысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында және орталығында екпіні 15-20 м/с дейін барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазгидрометтің мәліметінше, осы күні Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында тұман түседі.

Ал Ақтөбе облысының солтүстігінде, батысында, орталығында түнде және таңертең тұман түседі.

Маңғыстау облысында шығыстан жел соғады, облыстың батысында 15-20 м/с күтіледі.

«Астанада 27 қазанда кей уақыттарда жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікке ауысады, екпіні 15-20 м/с.

Түркістан облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, тау асуларында екпіні 25 м/с дейін барады», - деп хабарлады синоптиктер.

27 қазанда түнде Ақмола облысының басым бөлігінде, күндіз шығыс жартысында жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады) болады. Облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстікқе ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, шығыс жартысында екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Бүгін Абай облысының солтүстігінде, оңтүстік-батысында, орталығында оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында тұман түседі. Жел солтүстік-шығыстан оңтүстік-шығысқа ауысып соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні - 15-20 м/с.

27 қазан күні Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі.

Қостанай облысының да шығысында, оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, оңтүстігінде күші 15-20, түнде екпіні 23 м/с күтіледі.

«Осы күні Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с дейін барады.

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20 м/с, облыстың оңтүстігінде кей уақыттарда екпіні 23 м/с күтіледі», - делінген Қазгидромет хабарламасында.

Сол сияқты, бүгін түнде Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. Тәулік бойы облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күші - 15-20 м/с, екпіні - 23-28 м/с.