$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирустан 900-ге жуық науқас емделіп жатыр

26 қазан күнгі тәулік ішінде аталған вирус тағы 22 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі коронавирусқа шалдыққан науқастардың жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Коронавирус инфекциясына (КВИ+) және коронавирус пневмониясына (КВИ-) шалдыққандар арасында:

- 1 адамның жағдайы ауыр;

- 3 пациенттің жағдайы өте ауыр;

- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Жалпы, 27 қазандағы мәлімет бойынша, қазір ел өңірлерінде 880 адам коронавирус инфекциясынан (734 науқас КВИ+, 146 науқас КВИ-) емделуде. Олардың ішінде 89 пациент стационарда, 791 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

26 қазан күнгі тәулік ішінде аталған вирус тағы 22 адамнан анықталды. Коронавирус пневмониясына шалдыққандар жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус