$ 498.51  522.84  4.81

«Дәмханаға кіріп, қайта шықпаған»: Түркияда қазақ студенті жоғалып кетті

Сыртқы істер министрлігінің  ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ақпарат әзірге тексеріс үстінде.

Түркияда із-түзсіз жоғалып кеткен қазақ студенті бірнеше күннен бері іздестіріліп жатыр. Бұл туралы студенттің туыстары отандық БАҚ-қа хабарлады.

Қазақстандық студент Измирдегі «Dokuz Eylul University» университетінде білім алған.

Жоғалған студенттің жақындарының айтуынша, ол курстастарымен 22 қазанда кешкілік жергілікті дәмханада кешкі ас ішу үшін университет аумағынан шығып кеткен. Рауанның курстастарының сөзінше, олар дәмханадан шыққан кезде Рауан телефонының жоғалғанын біліп, ғимаратқа қайта кірген, бірақ ол жақтан қайтып шықпаған.

Арада аз уақыт өткеннен кейін курстастары оның артынан ізден барғанымен, Рауанды таппай, кампусқа қайта оралған. Рауан сол күйі із-түзсіз жоқ.

«Келесі күні бұл жігіттер кешкі ас ішкен жерге қайта барып, Рауанның телефонын сол жерден тауып алған. Рауанның анасы Раушан Ноғайбаева университет басшылығына және Измир полициясына хабар берген. Жергілікті полиция іздеп жатқанын айтты», - деп хабарлады студенттің туысы.

Сыртқы істер министрлігінің  ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ақпарат әзірге тексеріс үстінде.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары