Өткен бір тәулікте коронавирусқа – 34, коронавирус пневмониясына 4 адам шалдықты. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Сондай-ақ ведомство дерегіне сәйкес, қазір ел өңірлерінде 766 адам коронавирустан (коронавирустан (КВИ+) 624 науқас және коронавирус пневмониясынан (КВИ-) 142 науқас) емделіп жатыр. Олардың ішінде 80 пациент стационарда, 686 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 2 адамның жағдайы ауыр,
- 4 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
28 қазанға дейін Қазақстанда аталған індетке қарсы вакциналардың I компонентімен 10 842 360 адам, II компонентімен 10 603 795 адам егілді. Ревакциналанды – 5 602 662 тұрғын.