$ 494.87  520.65  4.91

Астанада ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді

Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов қатысады.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

Бүгін Астана қаласында ТМД Үкімет басшылары кеңесінің кезекті отырысы өтеді, деп хабарлайды Үкіметтің Telegram каналы.

Отырысқа Қазақстан Премьер-Министрі Әлихан Смайылов, Әзербайжан Үкіметінің басшысы Али Асадов, Беларусь Премьер-Министрі Роман Головченко, Тәжікстан Үкіметі басшысы Кохир Расулзода, Өзбекстан Премьер-Министрі Абдулла Арипов, Ресей Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустин, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы Ақылбек Жапаров, Армения Премьер-Министрінің орынбасары Мгер Григорян және Түрікменстан Министрлер кабинеті басшысының орынбасары Ходжамырат Гельдимырадов қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#отырыс #ТМД