Дін жолындағы әйелдің уағызы қыз-келіншектерді үрейлендіріп қойды, деп жазады Экспресс К.
TikTok-та тараған видеода діндар әйел дәрет алмаудың қорқынышты салдарын айтты. Оның сөзіне сенсек, қыз-келіншектер ұйықтар алдында дәрет алмаса, жындар жігіт кейпінде келіп, олармен жыныстық қатынасқа түседі екен.
Әсіресе, кәрі қыздар түсінде төсек қатынасына түсіп кетеді. Одан кейін өмірде ондай қызға басқа жігіттер келсе, жын соны қызғанып жақындатпауға тырысады. Азғырып, жолын жауып тастайды. Жалпы, түсімізде ұятсыз нәрсе көрсек, ол дәретсіздігімізден, — дейді ол.
Желідегі жұрттың бұл уағызға қатысты пікірі әр алуан.
"Масқара, мұны білмеппіз", "Миды уламаңдар", "Соны шайтан өзі келіп айтып кете ме, қайдан білесіңдер?", "Ұрғашы жындар еркектерге келе ме?", "Өте дұрыс айтады. Әжем солай дейтін", "Сөзінің жаны бар", — деп жазды көпшілік.
Біз осы сұрақпен Қостанай облыстық мешітінің имамдарына жүгінген едік. Діни қызметкерлер мұны жоққа шығарды.
Жалпы, Мұхаммед (с.ғ.с) Пайғамбар дәрет алып ұйықтағанның ләзім екенін айтады. Ал дінде дәретсіз ұйықтағандар жынмен ойнастық жасайды деген нәрсе жоқ. Бұл кісінің айтып отырғаны ойдан шығарылған болуы керек, — дейді пәтуә бөлімінің қызметкері Дархан Манарбекұлы.
Бұған дейін имам душқа жалаңаш түсуге болмайтынын айтқан еді.