30.10.2022, 12:47

Белгілі ақын Жүрсін Ерман жансақтау бөлімінде жатыр

Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз!

Белгілі ақын, Қазақстан айтыс ақындары мен жыршы термешілердің халықаралық одағының төрағасы Жүрсін Ерман жансақтау бөліміне түсті деген ақпарат тарады. Бұл туралы айтыскер ақын, жыршы-термеші Дидар Қами Instagram-парақшасында бөліскен. 

"Жүрсін Ерман әкеміз жансақтау бөліміне түскелі дұғамызды үзбей, ағамыздың дертінен құлан-таза айығып кетуін Жаратқаннан жалбарынып сұраудамыз! Сіздер де дұғаларыңызға қосып ағамызға Алладан амандық сұрасаңыздар екен!" - деп жазды Дидар Қами.