$ 443.37  474.49  4.83

Қара суықта Теміртаудың халқы жылусыз қалды

Теміртау әкімдігінің мәліметінше, 28 қазанда апатқа байланысты жылу өшірілген.
Фото: aikyn.kz
Фото: aikyn.kz

Теміртауда жаңа жылу магистралінде апат болып, ондаған көпқабатты үй жылусыз қалды. Тұтынушыларға қайта есептеу жүргізілетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Теміртау әкімдігінің мәліметінше, 28 қазанда апатқа байланысты жылу өшірілген. Бұл кезде Мир және Металлургтер даңғылдары қиылысында диаметрі 720 миллиметр болатын жылу желісінің ескі учаскесінің жеткізу құбырында ақау шыққан.

"Оқжетпес-Т" жөндеу бригадасы ұзындығы төрт метрге жуық учаскені жөндеді. Жұмыс сол күні аяқталды", - деді ведомство өкілдері.

Бірақ қала тұрғындары жылуды толық алмаған. 29 қазанда жаңа, үшінші жылу магистралінде компенсатор істен шыққан. Сондықтан тұрғындар жылу мен ыстық сусыз қалған. Жылу магистралін салған мердігер компания мәселені жалғыз шеше алмаған. Бұл үшін АрселорМиттал Теміртау мамандары тартылған.

"Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, 48 үй жылумен қамтамасыз етілді. 10 үй жылусыз қалды. Бүгінде барлық күш пен құрал жеткілікті. Осы жағдайды жолға қою үшін барлық шараны қабылдаймыз", - деп атап өтті Теміртау ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ринат Қыдырбеков.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары