Қазақстанның халық жазушысы, тарихшы, филология ғылымдарының докторы, публицист, ғалым Мұхтар Мағауин АҚШ-тан Қазақстанға сәлем жолдады, деп хабарлайды “Адырна”.
“Еліміз бүкіл қиындықтан арылып, үлкен нәтижеге жететін болсын. Қазір Қазақстанда қазақтың саны 13,5 млн болды. 15-20 млн-ға жетсін. Еліміз өркендей берсін. Қазақ аман болсын! Қазақстан дәуірлей берсін! Ал Қазақстанның құрамындағы өзге диаспоралар қазақтың төңірегіне үйіріліп, Қазақтың тілеуін тілейді деп ойлаймын. Аман болайық!”, - деді ол.