01.11.2022, 07:20

1 қарашаға арналған ауа райы болжамы

Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады.

1 қарашада Қазақстан аумағының басым бөлігінде атомосфералық фронттардың әсерінен құбылмалы күн райы сақталады, қар және жаңбыр түрінде жауын-шашын жауады. Республика бойынша тұман, көктайғақ, желдің күшеюі болжанады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.

Сейсенбіде Маңғыстау облысының басым бөлігінде қатты жаңбыр күтіледі. Батыс Қазақстан облысының шығысында, күндіз Ақтөбе облысының солтүстігі мен орталығында қар және жаңбыр түрінде қатты жауын-шашын болады.