Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов елімізде мұғалімдерден бөлек тәрбиешілердің де жалақысы көбейетінін жеткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
2-6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету үшін жаңа балабақшалар ашылады. Мемлекеттік тапсырысты жекеменшік балабақшаларға беруді әрі қарай жалғастырамыз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тәрбиешілердің жүктемесі азайып, жалақылары көбейтіледі. Тәрбиешілердің біліктілігін арттыру және аттестаттау жұмыстары ұйымдастырылады, - деді ведомство басшысы.
Министр балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тағы да қосымша кешенді шаралар қарастырылатынын атап өтті.
Айта кетейік, бұдан бұрын Асхат Аймағамбетов 2023 жылдың қаңтар айынан бастап мұғалімдердің жалақысы 25 пайызға артатынын мәлімдеген.