$ 494.87  520.65  4.91

Ресейдегі TikTok қызметкерлеріне Қазақстанға көшу ұсынылды

Қызметкерлерге мұндай ұсыныс Ресейде жартылай мобилизация басталған соң келіп түскен.

TikTok-тың Ресейдегі кеңсесі қызметкерлеріне үш мемлекеттің біріне көшу ұсынылған. Олардың қатарында Қазақстан да бар, деп хабарлайды Stan.kz.

Қызметкерлерге мұндай ұсыныс Ресейде жартылай мобилизация басталған соң келіп түскен. 

"Үш мемлекеттің біріне көшу ұсынылды. Бірақ қызметкерлер транспорт, тұрғын үй және т.б. шығындарды өздері өтеуі керек", - деп мәлімдеді басылым дереккөзі. 

Ұсынылған мемлекеттер Қазақстан, Армения мен Қырғызстан. Сонымен қатар TikTok Шығыс Еуропа бойынша ғаламдық бизнес-шешімдер бөлімінің басшысы Анастасия Панина компанияның Қазақстанда жаңа кеңсе ашатынын хабарлаған. 

"Осы күзде TikTok Қазақстанда кеңсе ашуды жоспарлап отыр, Қазақстанда тланттар, көп цифрлық экономика да даму үстінде және инновациялық кәсіпкерлер де бар", - деді ол. 

Басылым мәліметінше, Ресейдегі кеңсе қызметкерлерінің бір бөлігі өзге де халықаралық командаkарда жұмыс істейді. Дегенмен ресейлік кеңсенің жұмысшысы болып қала береді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#Ресей #TikTok