$ 446.49  475.38  4.79

«Путин қатерлі ісік пен Паркинсон ауруына шалдыққан» – БАҚ

Денсаулығының нашарлауына байланысты оған үнемі инновациялық ауырсынуды басатын дәрілер егіледі, сонымен қатар ауыр стероидтермен емделіп жатыр.

Кремль басшысы Владимир Путин ұйқы безінің қатерлі ісігіне шалдыққан, сондай-ақ Ресей президентінен Паркинсон ауруының ерте сатысы анықталған. Бұл туралы Кремльдегі дереккөздерге сілтеме жасай отырып британдық The Sun газеті жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Сондай-ақ, Путин қуық асты безінің қатерлі ісігімен ауыруы мүмкін деген қауесет бар", –  делінген мақалада.

Басылымның инсайдері Путиннің Паркинсон ауруы асқынып келе жатқанын айтқан. Алайда Кремль бұл  мәліметті жоққа шығарып, барынша жасыруға тырысатынын тілге тиек еткен.

"Денсаулығының нашарлауына байланысты оған үнемі инновациялық ауырсынуды басатын дәрілер егіледі, сонымен қатар ауыр стероидтермен емделіп жатыр. Осылайша дәрігерлер ұйқы безі қатерлі ісігінің таралуын тоқтатуға тырысады", – дейді дереккөз.

Оның айтуынша, Ресей басшысының дерттері "оның есте сақтау қабілетінің төмендеуіне әкеліп соғуда".

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары