$ 494.87  520.65  4.91

Шығыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апаты болды

Салдарынан «Lada Granta» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданында жанармай таситын көлікпен соқтығысқан «Lada Granta» көлігінің жүргізушісі мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, жол апаты 2 қарашада сағат 07:15 шамасында Глубокое ауданындағы «Өскемен-Рахман қайнарлары» тасжолының 16-шы шақырымында болған.

«Lada Granta» маркалы автокөліктің 48 жастағы жүргізушісі қарсы жолаққа шығып кетіп, жанармай таситын көлікпен бетпе-бет соқтығысқан.

Соның салдарынан «Lada Granta» жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды.

«Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-бөлігіне (Абайсызда адам өліміне әкеп соққан көлік құралдарын басқарушының жол жүрісі қағидаларын бұзуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Бірқатар сот-медициналық сараптама тағайындалды. Соның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады», - делінген ақпаратта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары