03.11.2022, 09:40

Түркістан облысыда екі ауыл карантинге жабылды

Ауру Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан елді мекені мен Сабыр Рақымов ауылдық округінің Қызылата ауылында анықталып отыр.

Түркістан облысының Қазығұрт ауданында ұсақ малдан бруцеллез анықталуына байланысты екі ауыл карантинге жабылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атап айтқанда, ауру Алтынтөбе ауылдық округіне қарасты Қаржан елді мекені мен Сабыр Рақымов ауылдық округінің Қызылата ауылында анықталып отыр.

"Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Алтынтөбе ауылдық округі Қаржан елді мекені Ө.Тілеубаев кошесі №1-17 үйлерінің аумағында ұсақ малдар арасында бруцеллез ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", – деп көрсетілген аталған ауылдық округ әкімінің шешімінде.

Қызылата ауылының басшылығы да дәл осындай шешім шығарған.

"Түркістан облысы Қазығұрт ауданы Сабыр Рақымов ауылдық округі Қызылата ауылы Ә.Дәулетұлы көшесіндегі № 94, 95, 98, 101, 104, 106, 110, 111 үйлердің аумағына мүйізді ұсақ малдардан бруцеллез ауруының шығуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін", – делінген ашық талқыға шағарылған ауылдық округ басшысының шешімінде.