03.11.2022, 18:00

Оқушылар қайтадан онлайн оқуға көшуі мүмкін

Оның сөзінше, 1 қазаннан бастап Қазақстанда 764 247 ЖРВИ және 521 тұмауға ұшырау жағдайы тіркелген.

Елімізде ЖРВИ (жіті респираторлық вирустық инфекциясы) өршіп тұр. Егер мектептерде сынып оқушыларының аталмыш дертті жұқтыру көрсеткіші 30 пайыздан асса, білім беру қашықтан оқу форматына ауыстырылады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова мәлім етті. 

Оның сөзінше, 1 қазаннан бастап Қазақстанда 764 247 ЖРВИ және 521 тұмауға ұшырау жағдайы тіркелген.

«Пандемия кезінде қалыптасқан жағдай бойынша қазір білім беру ошақтарында қашықтан оқыту (онлайн) мүмкіндігі қарастырылған. Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің талабына сәйкес, бір сынып оқушыларының 20-30 пайызы ЖРВИ-мен ауырған жағдайда қашықтан оқыту жүйесіне көшіру ұсынылады. Ал, бір сыныпта ЖРВИ-мен сырқаттанушылардың үлесі 30%-дан асқан жағдайда оқу онлайн-форматқа ауыстырылады», – деді басқарма басшысы.