$ 494.87  520.65  4.91

Әйелін лифтіде аяусыз тепкілеген жігіт сотталды

Есіл ауданының №2 аудандық соты оны кінәлі деп танып, 4 жыл сегіз айға жаза тағайындады.

Астанада әйелін лифтіде соққы жыққан ер адамға қатысты сот үкімі шықты. Есіл ауданының №2 аудандық соты оны кінәлі деп танып, 4 жыл сегіз айға жаза тағайындады.

"Астана қаласы Есіл ауданының №2 аудандық соты әйелін бірнеше рет қатыгездікпен және жүйелі түрде ұрып-соғу арқылы денсаулығына орташа ауырлықтағы зиян келтіру дерегі бойынша Б.-ға қатысты айыптау үкімін шығарды", - делінген хабарламада.

Соталды тергеу барысында 2018 жылдан 2020 жылға дейін әйелі жүкті екенін және материалдық тұрғыда күйеуіне тәуелді екенін біле тұра күдікті әйеліне физикалық және психологиялық тұрғыда зиян келтірген.

"Айыпталушы Б.-ның кінәсі дәлелденіп, сот қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығы бойынша оған 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Жәбірленушінің пайдасына сотталушыдан екі миллион теңге сомасында моральдық залалдың өтемақысы және 4 миллион теңгеден аса мөлшерде материалдық залал өндірілді", - делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары