$ 443.44  480.51  4.88

УЕФА магистрлік бағдарламасы бойынша білім алған қазақ футболшысы оқуын бітірді

Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз үйде футболды дамыту үшін білім мен байланыстарды қолданамыз.

Футболдан Қазақстанның үш дүркін чемпионы Давид УЕФА магистрлік бағдарламасы спорттық менеджмент бойынша үш жылдық оқуын аяқтады (UEFA MIP - UEFA Executive Master for international players). Ол Ньондағы УЕФА штаб-пәтерінде диплом алу рәсіміндегі суреттерімен бөлісті.

Қазақстандық УЕФА президенті Александр Чефериннің қолынан диплом алды. "Алда үлкен жұмыс күтіп тұр. Біз үйде футболды дамыту үшін білім мен байланыстарды қолданамыз! Әділетті Қазақстан бірге құрайық", - деп жазды Давид  өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында. Лория осы бағдарламаға қабылданған еліміздің алғашқы өкілі.

Давид Лория 1981 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Өзінің спорттық карьерасында ол қазақстандық «Жеңіс» («Астана-1964»), «Есіл» («Оқжетпес», ), «Шахтер», «Локомотив» («Астана»), «Ертіс», «Қайрат», «Ордабасы», швециялық «Хальмстад», ресейлік «Спартак-Нальчик», түркиялық «Ризеспор», «Каршияка» клубтарының қақпасын қорғады. Спорттық карьерасын биыл Көкшетаудың «Оқжетпес» командасында аяқтады. Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 2000-2017 жылдар аралығында 45 ойын өткізді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары