04.11.2022, 18:00

Әлем чемпионаты-2022: Назым Қызайбайдың келесі қарсыласы белгілі болды

Жекпе-жек 6 қараша күні өтеді.

Аммандағы (Иордания) Азия чемпионатында Назым Қызайбайдың келесі қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

Турнирдің ширек финалында Қызайбай моңғол қызы Мунгунсаран Балсанмен қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 6 қараша күні өтеді.

Назым Қызайбай сары құрлық біріншілігінің алғашқы айқасында таиландтық Чутамат Раксатты жеңген еді.

Еске салайық, Назым Қызайбай спорттық жолында екі дүркін әлем чемпионы атанған.