$ 498.34  519.72  4.85

Тарихшылар Бұрындық ханның хатын тапты (ВИДЕО)

Қазір бұл жұмыстармен ғалымдар мен аудармашылар айналасып жатыр.

Елдің рухын көтеріп, жұрттың жігерін оятатын құнды жәдігерлер табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Атап айтсақ, ғалымдар шетелдік мұрағатты ақтарып, Қазақ хандығының көне картасы мен Бұрындық ханның хаттарын елге әкелді. Араб қаріптермен жазылған бұл жәдігерлер қазір Ұлттық мұрағат қорында сақталып тұр. Жыл басынан бері мұнда барлығы 7 мыңнан аса тарихи-бағалы құжаттар жеткізілген. Табылған жәдігерлердің ең көнесі 973 жылы пайдаланылған. Қазір бұл жұмыстармен ғалымдар мен аудармашылар айналасып жатыр. Бұрындық ханның хаттарын да мамандар майшаммен тексеруде. Тарихшылардың айтуынша, бұл деректер тарихымызды айқындап, тәуелсіздікті тұғырлы етеді. Олар жәдігерлердің жұмбағын шешкен бойда, көпшілікке хабарлаймыз деді.

Тарихы тереңде жатқан құжаттардың бір бөлігі бүгін «Архив – ел тарихының қазынасы» конференциясында көрсетілді. Шарада Ахмет Байтұрсыновтың 12 томдық шығармалары және «Архив-2025» жобасы аясында шығарылған жинақтардың тұсаукесері өтті.

«Сол қор арқылы біз болашақта оны ғылыми айналуға енгізу, зерттеу, жұмыстарын бастайтын боламыз. Ол бірінші кезекте цифрландырылады. Сонымен бірге арнайы база болады. Сонда ғалымдар оны қашықтан оқып, қашықтан зерттеу жұмыстарын жүргізе алады. Бізде жыл аяғына дейін жалғасады. Бізде қазір 25 мемлекетке барып қайтты. Оның ішінде ТМД елдері, және біздің негізгі құжаттар Ресей, Еуропа архивтерінде жатыр»,—деді ҚР Мәдениет және спорт министрлігі комитет төрағасы Қуат Бораш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары