$ 494.87  520.65  4.91

«Мен аңшымын»: Қазақ боксшы «Канело» салмағындағы чемпиондықты тартып алатынын мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) 5 қарашада екінші орта салмақтағы WBA титулы үшін айқасады.
Фото:sports.kz
Фото:sports.kz

Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) екінші орта салмақта WBA чемпионы кубалық Давид Моррелден (7-0, 6 КО) белбеуін тартып алатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстандық боксшы бұл сөзін қорытынды баспасөз мәслихаты кезінде айтты. 

“Америка елінде аңшы балаңыз аңға шықпақ сенбіде”- "Мен белбеу үшін келдім!!!" - делінген видео жазбада. 

Еске салсақ, Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО) 5 қарашада екінші орта салмақтағы WBA титулы үшін айқасады. 

АҚШ-тың Миннеаполис қаласында өтетін 12 раундты жекпе-жекте қазақ боксшының қарсыласы кубалық Давид Моррел (7-0, 6 КО) болады.

Бокс кешін ұйымдастырушылар әлеуметтік желіде құлақтандыру жариялаған болатын: "5 қараша екінші орта салмақта жеңілмеген WBA чемпионы Давид Моррел өзі сияқты жеңілмеген үміткер Айдос Ербосынұлына қарсы Showtime Boxing тікелей эфирінде айқасады", - делінген хабарламада. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары