7 қарашада күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде қар жауады.
Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Петропавл қаласында күндіз қар жауып, көктайғақ болады. Батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
7 қарашада түнде және таңертең Ақтөбе облысының солтүстігінде, шығысында тұман түседі.
Дүйсенбі күні Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Орал қаласында 7 қарашада түнде және таңертең тұман күтіледі.
7 қараша түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігінде, орталығында және таулы аудандарында тұман түседі, күннің соңында облыстың оңтүстігінде және орталығында екпіні 15-20 м/с болатын жел оңтүстік-батыстан соғады. Алматы және Қонаев қалаларында 7 қараша түнде және таңертең тұман түседі.
Түнде 7 қарашада Жетісу облысының орталығында және таулы аудандарында тұман күтіледі. Талдықорған қаласында түнде 7 қарашада тұман түседі.
7 қарашада таңертең және күндіз Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, түнде таулы аудандарда, таңертең және күндіз облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында желдің күші 15-20, тау асуларында екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Шымкент қаласында 7 қарашада таңертең және күндіз қатты жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді.
Күндіз 7 қарашада Жамбыл облысының оңтүстік-батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр жауады, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар), тәулік бойы 8 қарашада оңтүстігінде, таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең 7-8 қарашада тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, 7 қарашада күндіз, 8 қарашада тәулік бойы желдің екпіні 23-28 м/с-қа жетеді. Тараз қаласында 7-8 қарашада түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз 7-8 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі.
7 қарашада Ұлытау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі.