Әнші Төреғали Төрәлінің екінші қарындасы да неке қиып, ұзату тойға қызу дайындық үстінде, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Неке қию рәсімінен әдемі фото, видеоларды әншінің кенже қарындасы өз парақшасына жүктеп, "Бүгінгі қасиетті жұма күні Алла алдындағы ақ некемізді қию бұйырыпты! Үлгілі отбасы болуды, салиқалы ұрпақ тәрбиелеп өсіруді Аллам нәсіп етсін. Сіздің разылығыңыз - Алланың разылығы".
Ұлы дала баласының қарындасы қазір әлеуметтік желіде өте белсенді блогерлердің бірі. Жуырда ғана Еуропаға ғашығымен бірге саяхаттап келген арудың неке қию кезінде мәхрге не сұрағаны көпшіліктің қызығушылығын тудыруда. Алайда имам мәхрге Динадан не қалайтынын емес, күйеу баланың не алып беруге ниетті екенін сұрапты. Ал, әзірге ол қандай сыйлықты айтқанын блогер құпия ұстауды жөн санаған.
Айтпақшы, Дина мектепті бітірген соң жоғарғы оқу орнына түспеген.
"Мектеп бітіргеннен кейін бірден жұмыс істеп кеттім. Төрт жыл бір мамандықта оқып, кейін айлыққа жұмыс істегім келмеді. Қазір шүкір таңдаған жолыма, өміріме ризамын" дейді әншінің қарындасы.
Блогер ару Қызылорданың келіні атанбақ. Қазір ұзату мен тойға қызу дайындық үстінде жүрген сылқым көптен жасырған ғашығын ұзату күні көрсетіп, көрімдік жинауға ниетті.