Иорданияның Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен ұтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Нұрқанат Райыс 75 келіге дейінгі салмақта қырғызстандық Сағын Сатыбалдымен шеберлік байқасты.
Бірінші раундта төрешілердің бесеуі де Нұрқанаттың басымдылығын көрсетті. Екінші кезеңде Н.Райыс қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Бұдан кейін рефери жекпе-жекті тоқтатып, нокаутты тіркеді.
Осылайша, Н.Сайыс жартылай финалға шығып, ел қоржынын тағы бір медальмен толықтырды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын бокстан Азия чемпионатында Махмуд Сабырхан мен Серік Теміржановтың жүлде алғанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ тағы бір қазақстандық боксшы жүлдеге ілікті.
Азия чемпионатында Санжар Тәшкенбай жүлдегерлер сапына қосылды.
Дулат Бекбауов жартылай финалға шықты.
Азия чемпионатында Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті.
Азия чемпионатында Римма Волосенко жүлдесіз қалды.