$ 448.15  483.46  4.86

Азия чемпионаты: Қамшыбек Қоңқабаев бокс кешін жеңіспен түйіндеді

Осылайша, бүгінгі бокс кешін жеңіспен түйіндеген Қ.Қоңқабаев жартылай финалға шыққан қазақ боксшылары санын 21-ге жеткізді.

Иордания астанасы Амман қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев жартылай финалға жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Токио олимпиадасының қола жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін финалисі Қамшыбек Қоңқабаев аса ауыр салмақта оңтүстіккореялық До Хьен Кимді сынады.

Қамшыбек қарсыласын өзіне ыңғайлы қашықтықта ұстап, дәл соққылар жасай білді. Төрешілер есебі – 5:0, Қамшыбектің пайдасында.

Осылайша, бүгінгі бокс кешін жеңіспен түйіндеген Қ.Қоңқабаев жартылай финалға шыққан қазақ боксшылары санын 21-ге жеткізді.

Енді жартылай финалдық жекпе-жектер, сосын соңғы бәсекеде кімнің қандай медаль алғаны анықталады.

Еске сала кетейік, бокстан Азия чемпионатында Дулат Бекбауовтың жартылай финалға шыққты.

Сондай-ақ Алуа Балқыбекова жартылай финалға өтті.

Ал Римма Волосенко жүлдесіз қалды.

Нұрқанат Райыс қарсыласын нокаутпен ұтып, 1/2 финалға жолдама алды.

Асланбек Шымбергенов пен Нұрбек Оралбай да жартылай финалда.

Жүлдегерлер қатарына Назым Қызайбай қосылды.

Бүгін Нұрбек Оралбай жартылай финалға шықты.

Сағындық Тоғамбай қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді.

Айбек Оралбай қарсыласын айқын басымдылықпен жеңді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары