АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын жібереді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ашық НҚА порталында ҚР Үкіметі мен АҚШ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрлігі арасындағы гуманитарлық көмек көрсету туралы келісім жобасы жарияланды. Аталған келісім бойынша АҚШ Қазақстанға Pfizer вакцинасының 1 миллион дозасын жібермек.
Pfizer-BioNTech шығарған вакцинаның 500 мың дозасы ересектерге, қалған 500 мыңы 5-11 жастағы балаларға арналған. АҚШ фармакопеясының талаптарына сәйкес, Fresenius Kabi компаниясы шығарған инъекциялық натрий хлоридінің тиісті мөлшері (дозасы 2 мл (дилюент) беріледі.
Келісімге сәйкес, бұл гуманитарлық көмек тек қазақстандықтарды вакциналауға беріледі. Оларды экспорттап, сатуға тыйым салынады.
Айта кетейік, қазанның соңынан бері елімізде коронавирус қайта өрши бастады.