$ 494.87  520.65  4.91

Геннадий Головкин Айдос Ербосынұлының сауығып кетуін тіледі

Головкин сонымен қатар Айдос Ербосынұлының отбасы мен жақындарына күш-қуат тіледі.

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин Instagram желісінде Айдос Ербосынұлының тезірек сауығып кетуін тілеп, жазба қалдырды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Головкин сонымен қатар Айдос Ербосынұлының «отбасы мен жақындарына күш-қуат» тіледі.

Айдос Ербосынұлы 6 қараша күні кубалық Дэвид Морреламен жекпе-жек өткізіп, ауруханаға жатып қалды. Қазақстандық WBA супер орта салмақтағы тұрақты титулы үшін жекпе-жекте нокаутпен жеңілді. Жұдырықтасудан кейін боксшыны емханаға алып кетті. Кейін ол комаға түсті.

Бұған дейін сауығып кету тілегін мексикалық боксшы Сауль Канело Альварес де жариялаған. Айдос Ербосынұлы соңғы кездері абсолютті әлем чемпионының тұрақты спарринг серіктесі болған.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары