Қызылордада аспаз жұмыс орнынан 3,6 млн теңге ұрлаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қызылорда қаласы Полиция басқармасына кафе иесі ұрлық бойынша арыз түсірді. Белгісіз біреу қызметтік кабинетіндегі сейфтен 3,6 млн теңге ақшасын ұрлап кеткен. Басқарманың криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерінің жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде 34 жастағы күдікті, осы мекеменің бас аспазы анықталып, ұсталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп- тексеру әрекеттері жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.