$ 444.14  477.05  4.85

Алматыда автобустардың соқтығысуы: Полиция толық мәлімет таратты

Апаттан 1 адам қаза болып, 21 адам зардап шеккені хабарланған.

Алматы полициясы қалада қоғамдық көліктердің соқтығысуына қатысты толық мәлімет берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске салсақ, кеше Алматыда Төле би көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында болған жол апаты бейнеленген видео тарады. Апаттан 1 адам қаза болып, 21 адам зардап шеккені хабарланған.

Қалалық полиция департаменті оқиғаның мән-жайын толық баяндады.

«Жол-көлік оқиғасының схемасына және видеобақылау жүйелеріне жасалған талдауға сәйкес, бүгін сағат 14.05-те жеке тасымалдаушылардың біріне тиесілі МАЗ қоғамдық көлігінің 35 жастағы жүргізушісі Абылай хан даңғылымен оңтүстік бағытта келе жатып, Төле би даңғылының қиылысында бағдаршамның тыйым салынған белгісіне өтіп кеткен. Солай, Төле би даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Golden Dragon маркалы автобуспен соқтығысқан. Көлікті 59 жастағы ер адам басқарған. Соқтығысудан соң 98-ші бағыттағы қоғамдық көлік екпінмен тротуарға шығып кетіп, жаяу жүргіншілерді қағып кетті. Салдарынан жаяу жүргіншілердің бірі – 37 жастағы ер адам оқиға орнында көз жұмды», - делінген полиция мәліметінде.

Аталған дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары